
Визитница Асық
- Бар
- Коды:Asyqvisit-01
95 000 ₸
«Асық» мәрмәр тұғырдағы визитница
Бұл әсем визитница қазақ халқының ежелгі символы – асық пішінінде жасалған. Асық ежелден ойындарда да, салт-дәстүрде де қолданылып, жеңіс, адалдық пен табыстың нышаны болған.
Тұғыры табиғи мәрмәрдан жасалып, өнімге салмақ пен айрықша мәртебе береді. Визитницаның корпусы ұлттық ою-өрнекпен әшекейленіп, 18К алтынмен қапталған. Бұл – дәулеттің, берекенің және дәстүрдің мәңгілігінің белгісі.
Ондағы «Асығың алшысынан тусін!» деген жазу – «Асығың әрдайым оңынан тусін!» деген ізгі тілек. Бұл – сәттілік пен құт-береке тілегін білдіреді.
Мұндай сыйлық іскер әріптеске, басшыға немесе жақын досқа құрмет көрсетіп, оның жолы әрқашан ашық болсын деген ниетпен ұсынылады.
- Бағасы: 95 000 ₸


